Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 206 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда № 2802 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 23.05.2016 № 152 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Байбосынова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Дауылбаев

  Қарақия ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 07 шілде
№ 206 қаулысына
1-қосымша

Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдауды (бұдан әрі - тасымалдау) ұйымдастыру туралы аудан әкімдігінің қаулысын қабылдау



оқу орындарының әкімшілігімен қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды (ішкі істер органдарымен бірлесіп іс-шаралар жоспары, тасымалдаушы мен көлік туралы мәліметтер, балалардың тізімі, тасымалдауға жауаптыны белгілеу) бекіту



Заңнамада белгіленген тәртіппен балалардың міну орындарынан жалпы білім беретін мектептерге тасымалдауын жүзеге асыру

  Қарақия ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 07 шілде
№ 206 қаулысына
2-қосымша

Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Қарақия ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртiбi (бұдан әрі – Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген.

2. Балаларды тасымалдау тәртiбi

      2. Балаларды тасымалдау жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.

      3. Автобустардың қозғалыс кестесiн оқу орындарының әкімшілігі бекітеді.

      4. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсетуді өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.

      5. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.

      6. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде оқу орындарының әкімшілігі маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

      7. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.

      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болады және жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары аялдама пункттерiнен бөлек орналасады.

      Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.

      Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.

      8. Оқу орындарының әкімшілігі балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

      9. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдауға, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр) жол берілмейді.

      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда оқу орындарының әкімшілігі рейстi алып тастайды.

      10. Автобустардың қозғалыс кестесiн оқу орнының әкімшілігі бекітеді.

      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайтын кезде), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiледі.

      11. Балаларды жаппай тасымалдау және алыс қашықтықтарға тасымалдау оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15-тен астам емес балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда орындалады.

      12. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде оқу орындарының әкімшілігі патрульдiк автомобильдi лектерге iлесiп жүруге бөлу туралы жол полициясы органдарының мiндеттi белгiлеуі бар жазбаша өтiнiмдi ұсынады, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшiн жол полициясы органдарын хабардар етедi.

      13. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге тасымалдауға дайындық кезiнде оқу орындарының әкімшілігі балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метрден кем емес қашықтықта орналасады.

      14. Балалардың тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде оқу орындарының әкімшілігі келесідей мәселелер кiретiн, арнайы бағдарлама бойынша балалармен тұрақты сабақтар өткiзудi ұйымдастырады:

      1) жиналу орындарында және автобусты күту уақытында қауiпсiздiк тәртiбiнiң ережелерi туралы;

      2) отырғызу және автобустан түсiру тәртiбi туралы;

      3) автобустың қозғалу уақытындағы және аялдауы кезiндегi тәртiп ережелерi туралы;

      4) тасымалдау кезiнде қауiптi немесе төтенше жағдайлар туындағандағы тәртiп туралы;

      5) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсiлдерi туралы (ересек балалармен сабақ өткiзу кезiнде).

      Сабақты өткiзу кезiнде жол қозғалысы процесiнде және тасымалдау уақытында туындайтын iс жүзiндегi жағдайларды талқылау үшiн көрнектi құралдарды пайдалану көзделуi тиiс.

      15. Балаларды тасымалдау үшiн келесідей жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.

      16. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргiзушiсіне тыйым салынады:

      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

3. Қорытынды

      17. Осы шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттелінеді.

Об утверждении схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Каракиянского района

Постановление акимата Каракиянского района Мангистауской области от 07 июля 2015 года № 206. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 11 августа 2015 года № 2802. Утратило силу постановлением акимата Каракиянского района Мангистауской области от 23 мая 2016 года № 152

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каракиянского района Мангистауской области от 23.05.2016 № 152.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить схему и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Каракиянского района согласно приложениям 1, 2 настоящего постановления.
      2. "Каракиянский районный отдел образования" акимата Каракиянского района (К.Байбосинова) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно- правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Беккайырова А.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района А. Дауылбаев

  Приложение 1
к постановлению акимата
Каракиянского района
07 июля 2015 года
№ 206

Схема перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Каракиянского района

Принятие акиматом района постановления об организации перевозок в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Каракиянского района (далее - Перевозка)

      
      

утверждение администрацией учебных заведений мероприятий по организаций безопасной перевозки (совместный план мероприятий с органами внутренних дел, сведения о перевозчике и транспорте, список детей, определение ответственного за перевозку)

      
      

Осуществление в установленном законодательством порядке перевозки детей из места посадки в общеобразовательные школы

  Приложение 2
к постановлению акимата
Каракиянского района
07 июля 2015 года
№ 206

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Каракиянского района
1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Каракиянского района (далее – Порядок) разработан в соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте".

2. Порядок перевозок детей

      2. Перевозки детей осуществляются автобусами, микроавтобусами, с предоставлением каждому ребенку отдельного места для сидения.
      3. Администрация учебных заведений утверждает расписание движения автобусов.
      4. Техническое состояние, объемы и сроки проведения технического обслуживания, оборудование автобусов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан.
      5. Общее количество перевозимых в автобусе детей и взрослых не превышает количество мест, оборудованных для сидения и установленных для данного транспортного средства.
      6. При организации перевозок в учебные заведения администрация учебных заведений определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.
      7. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.
      Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.
      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.
      В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.
      8. Администрация учебных заведении регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.
      9. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь) не допускается.
      При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, админстрация учебных заведений отменяет рейс.
      10. Администрация учебных заведений утверждает расписание движения автобусов.
      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения).
      11. Массовые перевозки детей и перевозки на дальние расстояния выполняются при условии сопровождения детей преподавателями или специально назначенными взрослыми (один взрослый не более чем на 15 детей).
      12. При осуществлении массовых перевозок детей администрация учебных заведений предоставляет письменную заявку с обязательной отметкой органов дорожной полиции о выделении сопровождения колонны патрульным автомобилем, а также уведомляет органы дорожной полиции для принятия мер по усилению надзора за движением на маршруте.
      13. При подготовке к массовым перевозкам и перевозке детей на дальние расстояния администрация учебных заведений проверяет наличие площадки для стоянки автобусов в пункте сбора детей и в пункте прибытия, наличие посадочной площадки. Места посадки и высадки располагаются на расстоянии не менее 30 метров от места стоянки автобуса.
      14. При осуществлении регулярных перевозок детей администрация учебных заведений организовывает проведение с детьми регулярных занятий по специальной программе, включающей следующие вопросы:
      1) о правилах безопасного поведения в местах сбора и во время ожидания автобуса;
      2) о порядке посадки и высадки из автобуса;
      3) о правилах поведения во время движения и остановок автобуса;
      4) о поведении при возникновении опасных или чрезвычайных ситуаций во время перевозок;
      5) о способах оказания первой помощи пострадавшим (при проведении занятий с детьми старшего возраста).
      При проведении занятий должно быть предусмотрено использование наглядных пособий, обсуждение практических ситуаций, возникающих в процессе дорожного движения и во время перевозок.
      15. Для перевозки детей допускаются следующие водители:
      1) в возрасте не менее двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет;
      2) имеющие непрерывный стаж работы в качестве водителя автобуса не менее трех последних лет;
      3) не имевшие в течение последнего года грубых нарушений трудовой дисциплины и правил дорожного движения.
      16. Водителю автобуса при перевозке детей запрещается:
      1) следовать со скоростью более 60 км/час;
      2) изменять маршрут следования;
      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;
      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;
      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;
      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;
      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.

3. Заключение

      17. Отношение не урегулированные настоящим порядком перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.