Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 206 "Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 152 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 206 "Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2015 жылы 27 тамызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қарақия ауданы әкімінің аппараты (А.Таубаев) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Аудан әкімі Ә. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қарақия ауданы әкімдігінің
      "Қарақия аудандық білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Байбосынова Клара Хисарқызы
      23 мамыр 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады