РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келтірілген тізбесіне сәйкес Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).
3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ.Көшенов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | А.Мееров |
Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 29/298 шешіміне қосымша |
Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесі
1. "Құрық ауылы бойынша жер учаскелері құнының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және бағалық аймақтарға бөлу шекаралары туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2008 жылғы 20 ақпандағы № 5/37 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 19 наурызда № 11-4-54 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2008 жылғы 22 сәуірде № 16 (242) жарияланған) шешіміне:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкасына" деген сөз тиісінше "мөлшерлемесіне" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 38/394(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. "Жетібай және Мұнайшы ауылдары бойынша жер учаскелері құнының базалық ставкаларына түзету кэффициенттері және бағалық аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 06 ақпандағы № 13/110 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 27 ақпанда № 11-4-73 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2009 жылғы 10 наурызда № 11 (297) жарияланған) шешіміне:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларына", "ставкасына" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелеріне", "мөлшерлемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Салық салу мақсатында Жетібай және Мұнайшы кенттері аумақтарын аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 06 ақпандағы № 13/111 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 03 наурызда № 11-4-75 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2009 жылғы 10 наурызда № 11 (297) жарияланған) шешіміне:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларына" деген сөз тиісінше "мөлшерлемесіне" деген сөзбен ауыстырылсын.
5. "Құланды ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 8/97 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 07 маусымда № 2250 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2013 жылғы 20 маусымда № 25 (536) жарияланған) шешіміне:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларына" деген сөз тиісінше "мөлшерлемесіне" деген сөзбен ауыстырылсын.
6. "Құрық ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 24/236 (нормативтік құқықтық актілерді мемлкеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда № 2598 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 04 ақпанында жарияланған) шешіміне:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларына" деген сөз тиісінше "мөлшерлемесіне" деген сөзбен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "селоның" деген сөз тиісінше "ауылдың" деген сөзбен ауыстырылсын.
7. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 27.10.2021 № 8/69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.