Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің және кейбір шешімдерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурызда № 38/394 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 4166 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №10-15-127 ұсынысының негізінде Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің және кейбір шешімдерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Қуандық) жүктелсін.

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы,
      аудандық мәслихат хатшысы А.Мееров

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 13 наурыздағы №38/394
  шешіміне қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің және кейбір шешімдерінің құрылымдық элеметтерінің тізбесі

      1. "Біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы №13/107 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-4-77 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 наурызда "Қарақия" газетінде жарияланған).

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №29/298 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2905 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымша болып табылатын Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесінің 2-тармағы.

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы №16/184 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3553 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қосымша болып табылатын Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады