РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2368 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурыздағы № 11 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
1 қосымшада:
реттік нөмірі 5 жол жаңа редакцияда жазылсын:
5 | Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының табысы аз жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен айналысатын жеке тұлғалар | Жүгінген айдың алдындағы 3 айда отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болуы және отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы | Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады | Өтініш берген айынан бастап | Үміт кердің өтініші бойынша ай сайын неме се үш ай үшін бір мезгілде төленеді |
2. Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Бөбетай) жүктелсін.
4.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескертпе: аббревиатураны ажырату:
ШАК-шартты ақшалай көмек.
Сессия төрағасы | Е.Мәмбетнияз |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т.Қылаңов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
28 қазан 2015 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
Ұзақбай Әсемгүл Жылқыбекқызы
28 қазан 2015 жыл