"Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Түпқараған ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 111 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 маусымда № 2740 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 03.02.2020 № 15 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Демеуова):

      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Г. Демеуоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Т. Асауов



  2015 жылғы 14 мамырдағы № 111
Түпқараған ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
 

"Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер кабылдайды.

      7. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Д.Тәжіұлы көшесі, 13.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Түпқараған ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. Жұмыс режимі "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сай сәулет және қалақұрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттеу, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту.

      16. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

      сәулет қызметі және қала құрылысы қызметі салаларындағы жұмыстарды үйлестіру.

      17. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      1) сәулет және қала құрылысы салаларындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпараттар және (немесе) мәліметтер беру;

      4) жоспарланып отырған қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

      5) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте пайдалануға берілген объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;

      7) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауды ұйымдастыру, олардың күтіп ұсталуына (қолданылуына, пайдалануына) бақылау;

      8) аудан аумағының қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауданның ауылдық елді мекендерінің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

      10) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүргізу;

      11) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау;

      12) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешім қабылдау;

      13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      18. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

      "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:

      1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

      2) осы ережеде көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылық "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      20. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Түпқараған ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

      2) "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өз құзыретінің шегінде "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді.

      "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

      "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктері қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен орындалады.

4. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көрсетілген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Түпқараған ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырау және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства"

Постановление акимата Тупкараганского района от 14 мая 2015 года № 111. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 17 июня 2015 года № 2740. Утратило силу постановлением акимата Тупкараганского района от 3 февраля 2020 года № 15

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тупкараганского района Мангистауской области от 03.02.2020 № 15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Тупкараганского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Тупкараганского района" (Демеуова Г.):

      обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации;

      принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района (Демеуова Г.).

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким района

Т. Асауов


  Утверждено
постановлением акимата
Тупкараганского района № 111
от 14 мая 2015 года

ПОЛОЖЕНИЕ
государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" является государственным органом, осуществляющим руководство в сфере архитектуры и градостроительства.

      2. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством. 6. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      8. Местонахождение юридического лица: 130500, Республика Казахстан, Мангистауская область, Тупкараганский район, город Форт-Шевченко, улица Д.Тәжіұлы, 13.

      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства".

      10. Учредителем государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" является акимат Тупкараганского района.

      11. Настоящее положение является учредительным документом государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства".

      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" осуществляется из местного бюджета.

      13. Государственному учреждению "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства".

      Если законодательными актами государственному учреждению "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" предоставлено право, осуществлять приносящую доход деятельность, то доходы полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

      14. Режим работы определяется государственным учреждением "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" самостоятельно в соответствии с требованиями действующего законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства"

      15. Миссия государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства":

      регулирование отношений, возникающих между государственными органами, физическими и юридическими лицами в процессе осуществления архитектурной и градостроительной деятельности, формирование полноценной среды обитания и жизнедеятельности человека, устойчивое развитие населенных пунктов и межселенных территорий в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      16. Основные задачи государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства":

      координация работ в сферах архитектурной деятельности и градостроительной деятельности.

      17. Функции государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства":

      1) обеспечение государственных и общественных интересов в сферах архитектуры и градостроительства;

      2) координация деятельности по реализации, утвержденной в установленном законодательством порядке комплексной схемы градостроительного планирования территории района (проекта районной планировки), генеральных планов сельских населенных пунктов;

      3) предоставление в установленном порядке информаций и (или) сведений для внесения в базу данных государственного градостроительного кадастра;

      4) информирование населения о планируемых градостроительных изменениях;

      5) проведение комплекса работ по строительству, инженерной подготовке территории, благоустройству и озеленению, консервацию строительства незавершенных объектов, постутилизацию объектов районного значения;

      6) регистрация и ведение учета объектов (комплексов), вводимых в эксплуатацию в порядке установленном законодательством Республики Казахстан;

      7) организация сохранения жилищного фонда, коммуникаций, памятников истории и культуры районного значения, контроль за их содержанием (использованием, эксплуатацией);

      8) организация разработки схем градостроительного развития территории района, а также проектов генеральных планов сельских населенных пунктов района;

      9) реализация градостроительных проектов, разрабатываемых для развития утвержденных генеральных планов (схем территориального развития) населенных пунктов;

      10) ведение мониторинга строящихся (намеченных к строительству) объектов и комплексов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      11) выбор земельных участков на подведомственной территории для застройки или иного градостроительного освоения;

      12) принятие решения о реконструкции (перепланировке, переоборудовании, перепрофилировании) помещений существующих зданий;

      13) осуществление в интересах местного государственного управления иных функций, возлагаемых на государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" с законодательством Республики Казахстан.

      18. Права и обязанности государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства":

      государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" имеет право:

      1) приобретать и осуществлять имущественные и личные неимущественные права;

      2) использовать средства на осуществление предусмотренных в настоящем положении целей;

      3) быть истцом и ответчиком в суде;

      4) осуществлять иные права, не противоречащие законодательству Республики Казахстан.

      Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" обязано:

      1) соблюдать законодательство Республики Казахстан;

      2) в установленном порядке уплачивать налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      3) нести ответственность в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства"

      19. Руководство государственным учреждением "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" задач и осуществление им своих функций.

      20. Первый руководитель государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" назначается на должность и освобождается от должности акимом Тупкараганского района в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства":

      1) определяет обязанности работников государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства";

      2) назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства";

      3) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение сотрудников государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства";

      4) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства";

      5) в пределах своей компетенции издает обязательные для исполнения работниками государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;

      6) представляет интересы государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" в государственных органах и иных организациях. Первый руководитель государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" несет персональную ответственность за организацию противодействия коррупции в государственном учреждении "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства".

      К ведению первого руководителя государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" законодательством Республики Казахстан может быть отнесено решение иных вопросов.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" в период его отсутствия осуществляется лицом, его заменяющим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства"

      22. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество закрепленное за государственным учреждением "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства", относится к коммунальной собственности.

      24. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Порядок внесения изменений и дополнений в Положение

      25. Внесение изменений и дополнений в Положение производится постановлением акимата Тупкараганского района.

      26. Внесенные изменения и дополнения в Положение регистрируются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Реорганизация и ликвидация государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства"

      27. Реорганизация и ликвидация государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел архитектуры и градостроительства" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.