"Түпқараған ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қарашадағы № 241 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 желтоқсанда № 2897 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 14.01.2016 № 3 қаулысымен (қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі).


      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелген) сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Түпқараған ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Г. Демеуова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімі аппаратының басшысы Г. Демеуоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ол әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                             Т. Асауов
 

Түпқараған ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 02 қарашадағы
№ 241 қаулысымен бекітілген

«Түпқараған ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
 
  1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Түпқараған ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және «Түпқараған ауданы әкімі аппараты» мемелекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4.Қызметшілерді бағалау мыналардан тұрады:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттесттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрған тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Түпқараған ауданы әкімі аппаратының басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссия хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің қызметкері (кадр қызметінің) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4 тармағының  2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Кадр қызметінің қызметкері Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Кадр қызметінің қызметкері бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің  4 тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын кадр қызметінің қызметкерінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын кадр қызметінің қызметкеріне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

3. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадр қызметінің қызметкері бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде кадр қызметінің қызметкеріне жіберіледі.
      16. Кадр қызметінің қызметкері осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5.Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Кадр қызметінің қызметкері қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

a = b + c

      a – қызметшінің қорытынды бағасы;
      b – тікелей басшының бағасы;
      c – осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»;
      21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»;
      33 балдан жоғары – «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Кадр қызметінің қызметкері Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Кадр қызметінің қызметкері Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Кадр қызметінің қызметкері бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20 тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

«Түпқараған ауданы әкімі
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
1 қосымша

нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Тегі.Аты.Әкесінің аты(бар болған жағдайда):__
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


Барлығы (барлық бағалардың бағасы):




Таныстым:
Қызметші (Тегі.Аты.Әкесінің аты. (бар болған жағдайда):)
күні _________________________
қолы _________________________


Тікелей басшы (Тегі.Аты.Әкесінің аты. (бар болған жағдайда):)
күні__________________________
қолы__________________________


«Түпқараған ауданы әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
2 қосымша
Нысан

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Тегі.Аты.Әкесінің аты(бар болған жағдайда):__
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы):


Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы):



«Түпқараған ауданы әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
3 қосымша

нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)


р/р
 

Қызметшінің Тегі.Аты.Әкесінің аты. (бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға
 

Қорытынды баға
 

1
 









      Комиссия қорытындысы:
______________________________________________________________
______________________________________________________________

      Тексерген:
 
      Комиссия хатшысы: ________________________ Күні: _____________
      (Тегі.Аты.Әкесінің аты. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы: _______________________ Күні: _____________
      (Тегі.Аты.Әкесінің аты.болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: ____________
      (Тегі.Аты.Әкесінің аты. болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Тупкараганского района"

Постановление акимата Тупкараганского района Мангистауской области от 02 ноября 2015 года № 241. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 04 ноября 2015 года № 2897. Утратило силу- постановлением акимата Тупкараганского района Мангистауской области от 14 января 2016 года № 3

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тупкараганского района Мангистауской области от 14.01.2016 № 3(вводится в действие с момента подписания).
 
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе», приказом председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 «Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10130), акимат Тупкараганского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» в государственного учреждения «Аппарат акима Тупкараганского района».
      2. Государственному учреждению «Аппарат акима Тупкараганского района» (Демеуова Г.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в средствах массовой информации и в информационно-правовой системе «Әділет».
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Тупкараганского района Г. Демеуовой.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Аким района                             Т. Асауов

Утверждена постановлением
акимата Тупкараганского района
от 02 ноября 2015 года
№ 241

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Тупкараганского района»
 
 
1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» в государственного учреждения «Аппарат акима Тупкараганского района» разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» в государственного учреждения «Аппарат акима Тупкараганского района» (далее служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности государственных служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок «неудовлетворительно» в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации. При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку «неудовлетворительно», не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее - Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата акима Тупкараганского района.
      Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом (кадровой службы) государственного органа.
      Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Сотрудник кадровой службы персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии. Сотрудник кадровой службы уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от сотрудника кадровой службы, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист сотруднику кадровой службы в течение двух рабочих, дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме. Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае сотрудник кадровой службы и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется сотрудник кадровой службы не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются сотрудник кадровой службы в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Сотрудник кадровой службы осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанных в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется сотрудником кадровой службы не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

a = b + c

      где
      a – итоговая оценка служащего;
      b – оценка непосредственного руководителя;
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – «неудовлетворительно»;
      от 21 до 33 баллов – «удовлетворительно»;
      выше 33 баллов – «эффективно».

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Сотрудник кадровой службы обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Сотрудник кадровой службы предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Специалист по управлению персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае сотрудник кадровой службы в произвольной форме составляет акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в кадровой службе.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      26. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

Приложение 1
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса «Б» в государственного
учреждения «Аппарат акима Тупкараганского района»

Форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

Фамилия.Имя.Отчество(при его наличии) оцениваемого служащего: _______
 
Должность оцениваемого служащего: ___________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка
(баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


Итого (сумма всех оценок):

Ознакомлен (а):Служащий
Фамилия.Имя.Отчество. (при его наличии) _________
дата _______________
подпись ____________

Непосредственный руководитель Фамилия.Имя.Отчество(при его наличии) ________
дата ____________
подпись __________

Приложение 2
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса «Б» в государственного
учреждения «Аппарат акима Тупкараганского района»
 
 

Форма

Лист круговой оценки

Фамилия.Имя.Отчество (при его наличии) оцениваемого служащего: ______
Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок):


Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок):



Приложение 3
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса «Б» в государственного
учреждения «Аппарат акима Тупкараганского района»

Форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

______________________________________________________
(наименование государственного органа)

№ п/п

Фамилия.Имя.Отчество.
(при его наличии) служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1









Заключение комиссии: _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 

      Проверено:
 
      Секретарь Комиссии:________________________ Дата: ____________
      (Фамилия.Имя.Отчество. (при его наличии), подпись)
      Председатель Комиссии:_____________________ Дата: _____________
      (Фамилия.Имя.Отчество. (при его наличии), подпись)
      Член Комиссии:____________________________ Дата: ______________
      (Фамилия.Имя.Отчество. (при его наличии), подпись)