Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 14.01.2016 № 3 қаулысымен (қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелген) сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Түпқараған ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Г. Демеуова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімі аппаратының басшысы Г. Демеуоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы ол әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Асауов
Түпқараған ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 02 қарашадағы
№ 241 қаулысымен бекітілген
«Түпқараған ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Түпқараған ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және «Түпқараған ауданы әкімі аппараты» мемелекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
2. Қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
4.Қызметшілерді бағалау мыналардан тұрады:
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Аттесттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған нәтижелері ескерілмейді.
7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
8. Қызметшінің қорытынды бағасын қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрған тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді.
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Түпқараған ауданы әкімі аппаратының басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
Комиссия хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің қызметкері (кадр қызметінің) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
2. Бағалау жүргізуге дайындық
11. Кадр қызметінің қызметкері Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
Кадр қызметінің қызметкері бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4 тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
3. Тікелей басшының бағалауы
12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын кадр қызметінің қызметкерінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын кадр қызметінің қызметкеріне қайтарады.
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
3. Айналмалы бағалау
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадр қызметінің қызметкері бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
14. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша айналмалы бағалау парағын толтырады.
15. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде кадр қызметінің қызметкеріне жіберіледі.
16. Кадр қызметінің қызметкері осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
17. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
5.Қызметшінің қорытынды бағасы
18. Кадр қызметінің қызметкері қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
a = b + c
a – қызметшінің қорытынды бағасы;
b – тікелей басшының бағасы;
c – осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»;
21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»;
33 балдан жоғары – «тиімді».
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
20. Кадр қызметінің қызметкері Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кадр қызметінің қызметкері Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
22. Кадр қызметінің қызметкері бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
23. Осы Әдістеменің 20 тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр қызметінде сақталады.
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
«Түпқараған ауданы әкімі
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
1 қосымша
нысан
Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Тегі.Аты.Әкесінің аты(бар болған жағдайда):__
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
№р/н |
Өлшем |
Көрсеткіштің мәні |
Баға (балл) |
1. |
Бастамашылығы |
2-ден 5-ке дейін |
|
2. |
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 8-ге дейін |
|
3. |
Әрекеттестікке икемділігі |
2-ден 5-ке дейін |
|
4. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
Барлығы (барлық бағалардың бағасы): |
Таныстым: |
Тікелей басшы (Тегі.Аты.Әкесінің аты. (бар болған жағдайда):) |
«Түпқараған ауданы әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
2 қосымша
Нысан
Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Тегі.Аты.Әкесінің аты(бар болған жағдайда):__
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
№ р/н |
Өлшем |
Көрсеткіштің мәні (саны) |
Баға (балл) |
Бағынышты адам |
|||
1. |
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
2. |
Жұмысқа ынталандыру қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
3. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
Барлығы (барлық бағалардың бағасы): |
|||
Әріптесі |
|||
1. |
Топта жұмыс істей алу қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
2. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
3. |
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 5-ке дейін |
|
Барлығы (барлық бағалардың бағасы): |
«Түпқараған ауданы әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
3 қосымша
нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)
№ |
Қызметшінің Тегі.Аты.Әкесінің аты. (бар болған жағдайда) |
Тікелей басшының бағасы |
Айналмалы баға |
Қорытынды баға |
1 |
||||
… |
Комиссия қорытындысы:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: ________________________ Күні: _____________
(Тегі.Аты.Әкесінің аты. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы: _______________________ Күні: _____________
(Тегі.Аты.Әкесінің аты.болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: ____________
(Тегі.Аты.Әкесінің аты. болған жағдайда), қолы)