Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы ауданының әкімінің 09.06.2015 № 18-ш шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Мұнайлы ауданы әкімінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 7-ш шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2620 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 156 сайлау учаскесіне, № 161 сайлау учаскесіне, № 166 сайлау учаскесіне, № 169 сайлау учаскесіне, № 170 сайлау учаскесіне, № 171 сайлау учаскесіне, № 191 сайлау учаскесіне қатысты бөліктер келесідей редакцияларда жазылсын:
«№ 156 сайлау учаскесі
Орталығы: Маңғыстау ауылы, «№ 5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8 /7292/ 46-57-89.
Шекарасы: Маңғыстау ауылының Шапағат, Есмәмбет, А. Оңғарбекұлы көшелеріндегі барлық тұрғын үйлер, № 39, 40, 41, 42, 48, 61, 62, 63, 63 А, 63 Б, 63 В, 63 Г, 64, 64 А, 64 Б, 64 В, 64 Г, 65, 66, 67, 68, 69, 81, 82, 83, 83 А, 84, 85, 85 А, 85 В, 86, 88, 88 А, 88, Б, 88 В, 88 Г, 88 Д, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 96 А, 96 Б, 97, 98, 99, 101, 102, 103, 104, 105, 107, 108, 109, тұрғын үйлері, №2025 әскери бөлімі.»;
«№ 161 сайлау учаскесі
Орталығы: Басқұдық ауылдық округі, Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «Оқушылар орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Басқұдық аула клубының ғимараты, телефон /факс: 8 /7292/ 33-34-22.
Шекарасы: Басқұдық ауылы «Рахат» тұрғын үй массивінің Қайнар, Мерей, Шуақ көшелеріндегі, «Маржан» тұрғын үй массивіндегі барлық тұрғын үйлер.»;
«№ 166 сайлау учаскесі
Орталығы: Атамекен ауылдық округі, «Арман» тұрғын массиві, № 379 учаске, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8 /7292/ 33-11-94.
Шекарасы: Атамекен ауылының «Арман», «Арай» тұрғын үй массивтеріндегі барлық тұрғын үйлер.»;
«№ 169 сайлау учаскесі
Орталығы: Қызылтөбе ауылдық округі, «№2 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон /факс: 8 /7292/ 46-42-00.
Шекарасы: Қызылтөбе ауылының Уәлиханов, Абай, Әуезов, Мәметова, Желтоқсан, Молдағұлова көшелеріндегі барлық тұрғын үйлер.»;
«№ 170 сайлау учаскесі
Орталығы: Қызылтөбе ауылдық округі, «Қызылтөбе лицейі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон /факс: 8 /7292/ 46-42-24.
Шекарасы: Қызылтөбе ауылының Сағыныш, Иманов, Атамекен, Жамбыл, Арай, Наурыз, Мереке, Советская, Достық көшелеріндегі барлық тұрғын үйлер.»;
«№ 171 сайлау учаскесі
Орталығы: Қызылтөбе ауылдық округі, Мұнайлы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қызылтөбе селолық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8 /7292/ 44-17-44.
Шекарасы: Қызылтөбе ауылының Құбыла, Балауса, Мыңбаев, Түркістан, Есір, Нұрым, Шабай, Құлбарақ, Асау-Барақ, Сүгір, Тобанияз, Қосымбаев, Атақозы, Досан, Мәтжан көшелеріндегі барлық тұрғын үйлер.»;
«№ 191 сайлау учаскесі
Орталығы: Басқұдық ауылдық округі, Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№9 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8 /7292/ 30-40-52.
Шекарасы: Басқұдық ауылдық округі «Болашақ» тұрғын үй массивінің Жеңіс, Тамшалы көшелеріндегі, «Рахат» тұрғын массивінің Бозашы, Аққу, Жалын, Парасат, Қазына, Жеткіншек, Көктем, Ерлік, Бірлік, Мереке көшелеріндегі, «Алау», «Басқұдық» тұрғын үй массивтеріндегі барлық тұрғын үйлер.»;
2. «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б. Біләлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Біләловке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Е. Әбілов
«КЕЛІСІЛДІ»
Мұнайлы аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
М. Шалқаров
26 наурыз 2015 жыл