Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 39-қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2650 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған):
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаға:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 26, 27, 28-жолдармен толықтырылсын:
"
26 | Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№1 "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | | | | | | | | | | | 9996 | | | | |
27 | "Келешек" балабақшасы ("Келешек" Балалар комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | | | 50 | | | | | 28272 | | | | | 9996 | | |
28 | "Ерасыл" балабақшасы (Жеке кәсіпкер "Кайнар" Дауылбаев Кайнар Габитович) | | | 65 | | | | | 28272 | | | | | 9996 | | |
".
2. "Мұнайлы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е. Овезов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау білім саласына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е.Әбілов |
КЕЛІСІЛДІ"
Жеке кәсіпкер "Кайнар"
Дауылбаев
Кайнар Габитович
12 маусым 2015 жыл.
"Келешек" Балалар комбинаты"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
Кадралиев Мади
Танатарович
12 маусым 2015 жыл.
"Мұнайлы аудандық білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Овезов Есен
Оринбасарович
12 маусым 2015 жыл.
"Мұнайлы аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Жұбаныс Раушан
Таджимқызы
12 маусым 2015 жыл.