Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 36/383 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 2834 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 3/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      Ескерту. Кіріспе- жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 07.06.2019 № 42/410 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы С. Есенкулов).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А. Ширшикбаев

Аудандық мәслихат


хатшысы

Б. Назар


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау

      облысы бойынша мемлекеттік кірістер

      департаментінің Мұнайлы ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      М. Таңатар

      21 тамыз 2015 жыл.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін атақарушы

      Ә. Өтегенов

      21 тамыз 2015 жыл.

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в Мунайлинском районе

Решение Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 21 августа 2015 года № 36/383. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 23 сентября 2015 года № 2834. Утратило силу решением Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 16 апреля 2021 года № 3/20

      Сноска. Утратило силу решением Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 16.04.2021 № 3/20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 509, пунктом 3 статьи 704 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" и со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Мунайлинский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 07.06.2019 № 42/410 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Повысить базовые ставки земельного налога и ставки единого земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в Мунайлинском районе.

      2. Руководителю аппарата Мунайлинского районного маслихата (А.Жанбуршина) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Мунайлинского районного маслихата по вопросам экономики и бюджета (председатель комиссии Есенкулов. С).

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

А.Ширшикбаев

Секретарь районного


маслихата

Б. Назар


      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель республиканского

      государственного учреждения "Управление

      государственных доходов

      по Мунайлинскому району Департамента

      государственных доходов по Мангистауской

      области Комитета государственных доходов

      Министерства финансов Республики Казахстан"

      Танатар М.

      21 август 2015 год.

      Исполняющий обязанности руководителя

      государственного учреждения "Мунайлинский

      районный отдел земельных отношений"

      Отегенов А.

      21 август 2015 год.