Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/20 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 4491 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 07 қыркүйектегі 2022 жылғы № 21/128 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 07.09.2022 № 21/128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 10-15-195 ұсынысының негізінде, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Б. Сулейменовке жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Жұмабаев
      Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы Б. Билялов

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 16 сәуірдегі
  № 3/20 шешіміне қосымша

Мұнайлы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 36/383 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2834 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 42/457 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 36/383 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3007 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 маусымдағы № 42/410 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 36/383 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3931 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады