Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 02.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 495-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңы 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңының 1-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3697 тіркелген, 2009 жылғы 23 желтоқсанда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбындағы "ставкалары" деген сөз "мөлшерлемелері" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 495-бабымен белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері Қостанай облысы бойынша елу пайызға, күл және күлшлактарын орналастырғаны үшін жүз пайызға көтеретін төлемақы мөлшерлемелерінен басқалары, көтерілсін.".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылғы 11 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы | А. Сагнаев |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ А. Паяев
"Қостанай облысы әкімдігінің
қаржы басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________ С. Аймұхамбетова
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Қ. Төлеубаев
"Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Е. Спанов