РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 02.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 17.03.2015 № 385 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" (әрі қарай - Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабымен белгіленген қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем мөлшерлемелері Қостанай облысы бойынша Салық кодексінің 495-бабы 3-тармағымен белгіленген және 6-тармағындағы кестесінің тәртіптік нөмірі 1.3.3-жолымен белгіленген мөлшерлемелерді және күл мен күлшлактарды орналастыру үшін мөлшерлемелерді қоспағанда, бір жарым есеге көтерілсін.
Салық кодексі 495-бабының 6-тармағындағы кестесінің тәртіптік нөмірі 1.3.3-жолымен белгіленген күл мен күлшлактарды орналастыруға мөлшерлемелер екі есеге көтерілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 10.02.2017 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Темірбаев |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
Ғ. Сағиев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Қ. Төлеубаев
"Қостанай облысы әкімдігінің
қаржы басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ С. Аймұхамбетова
"Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________________ М. Щеглова