Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 17.05.2017 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 168 қаулысымен бекітілді |
"Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шегінде экономика және бюджеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66-үй.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясаттың дамуына және жетілдіруіне жәрдемдесу.
15. Мiндеттерi:
1) экономика саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
3) өңірлік даму саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
2) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт жобаларына экономикалық сараптаманы жүргiзу;
3) Қостанай облысының аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу;
4) Қостанай облысының аумағын дамыту бағдарламасына мониторинг жүргізу;
5) шығыстардың бағыттары мен оларды облыстың бюджетiнен қаржыландырудың ең төмен көлемдерiн айқындау;
6) жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемiн айқындау;
7) жыл сайынғы жоспарлы кезеңге облыстық бюджетті әзiрлеу;
8) Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы облыс мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
9) жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердi болжау;
10) облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерiн, жаңа бастамаларға арналған лимиттердi айқындау;
11) облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын қарау, бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды Қостанай облысы әкімдігінің бюджет комиссиясының қарауына жiберу;
12) инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындылар дайындау;
12-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік–жекешілік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
13) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 23.02.2016 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);14) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 23.02.2016 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 23.02.2016 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) облыс әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау және ұсыну;
3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
4) "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерiн сот органдарында қорғауды жүзеге асыру;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрату және алу;
6) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді атқару.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
1) "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
2) заңнамамен белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
4) "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
5) "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) бұйрықтар шығарады және "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
8) заңнамамен белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
9) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
"Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
"Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.