Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 17.05.2017 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 168 "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5632 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік–жекешілік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру";
16-тармақтың 13) және 14) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |