"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің Старошумное ауылы;
Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Тураағаш ауылы.
2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
Старошумное ауылы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің Новошумное ауылының құрамына;
Тураағаш ауылы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Кеңарал ауылының құрамына.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі Сессия төрайымы
_________ Н. Садуақасов _________ А. Сапарова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
___________ С. Ещанов