Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 5 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 419 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қыркүйекте № 5858 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
      Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің Старошумное ауылы;
      Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Тураағаш ауылы.
      2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
      Старошумное ауылы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің Новошумное ауылының құрамына;
      Тураағаш ауылы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Кеңарал ауылының құрамына.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі           Сессия төрайымы
      _________ Н. Садуақасов            _________ А. Сапарова

                                         Қостанай облыстық
                                         мәслихатының хатшысы
                                         ___________ С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады