«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 246 «2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5673 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұхамбетов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
________________ А. Мамытбеков
Әкімдіктің
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 478 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған басым ауыл
шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және
басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы
өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын
арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен
егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және
ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға
арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
№ |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі |
1 гектарға субсидиялардың нормалары, теңге |
1. |
Жаздық бидай Күздік бидай |
300 |
2. |
Жаздық қатты бидай |
1000 |
3. |
Сұлы Арпа Тары Қарақұмық |
3000 |
4. |
Күздік қара бидай |
2000 |
5. |
Бұршақтұқымдас дақылдар |
5000 |
6. |
Күнбағыс |
9500 |
7. |
Рапс |
9000 |
8. |
Зығыр |
9500 |
9. |
Мақсары |
7000 |
10. |
Қыша |
6000 |
11. |
Арыш |
6000 |
12. |
Қытай бұршақ (соя) |
6000 |
13. |
Картоп |
50000 90000 (тамшылатып суару) |
14. |
Көкөнiстер |
60000 90000 (тамшылатып суару) 2000000 (барлық түрдегі жылыжайларда топырақтың қорғалған жағдайларында, 2 дақыл айналымы) |
15. |
Бақша дақылдары |
30000 |
16. |
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс |
10000 |
17. |
Сүрлемдік жүгері |
80000 (суаруға) |
18. |
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер |
10000 80000 (суаруға) |
19. |
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер |
10000 |