Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 13.05.2016 № 1056 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2016 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі ай және одан да көп);
2) елу жастан асқан адамдар;
3) жұмыссыздар ретінде тіркелген, лайықты жұмысы жоқ адамдар;
4) емдеу және оңалту курсын өткен есірткіге тәуелді адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Әкім |
Б. Жақыпов |