Мәслихаттың 2014 жылғы 6 тамыздағы № 187 "Қостанай облысы Арқалық қаласының Восточный ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 222 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 5554 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 129 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 21.06.2022 № 129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 6 тамыздағы № 187 "Қостанай облысы Арқалық қаласының Восточный ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5080 тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы Арқалық қаласының Восточный ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлек жиынды Восточный ауылының әкімі (бұдан әрі – ауыл әкімі) шақырады.

      Арқалық қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезекті сессияның төрайымы

Е. Цвентух

Мәслихат хатшысы

Н. Шалдыбаев

КЕЛІСІЛДІ:


Қостанай облысы Арқалық қаласы


Восточный ауылының әкімі


_______________ С. Байқадамова



О внесении изменений в решение маслихата от 6 августа 2014 года № 187 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Восточное города Аркалыка Костанайской области"

Решение маслихата города Аркалыка Костанайской области от 20 марта 2015 года № 222. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 28 апреля 2015 года № 5554. Утратило силу решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 21 июня 2022 года № 129

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 21.06.2022 № 129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Аркалыкский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата от 6 августа 2014 года № 187 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Восточное города Аркалыка Костанайской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5080, опубликовано 17 октября 2014 года в газете "Торгай") следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции на государственном языке, заголовок на русском языке не изменяется;

      в Правилах, утвержденных указанным решением:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Раздельный сход созывается акимом села Восточное (далее - аким села).

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима города Аркалыка на проведение схода местного сообщества.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель очередной сессии

Е. Цвентух

Секретарь маслихата

Н. Шалдыбаев

СОГЛАСОВАНО:


Аким села Восточное города


Аркалыка Костанайской области


______________ С. Байкадамова