Қостанай облысы Арқалық қаласының Родина ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы 234 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 5566 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 304 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 27.02.2020 № 304 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Арқалық қаласының Родина ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезекті


сессияның төрайымы

Е. Цвентух

Мәслихат хатшысы

Н. Шалдыбаев


  Мәслихаттың
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 234 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина
ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына
қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылының тұрғындары өкілдерінің саны

1

Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылы

300

  Мәслихаттың
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 234 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Арқалық қаласының
Родина ауылында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылы (бұдан әрі – Родина ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Родина ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды

      өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Родина ауылының әкімі (бұдан әрі – ауыл әкімі) шақырады.

      Арқалық қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Родина ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Родина ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Родина ауылы тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Арқалық қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Родина ауылы тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Родина ауылы әкімінің аппаратына береді.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Родина города Аркалыка Костанайской области

Решение маслихата города Аркалыка Костанайской области от 20 марта 2015 года № 234. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 28 апреля 2015 года № 5566. Утратило силу решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 27 февраля 2020 года № 304

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 27.02.2020 № 304 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года №1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Аркалыкский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Родина города Аркалыка Костанайской области.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей села Родина города Аркалыка Костанайской области для участия в сходе местного сообщества согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


очередной сессии

Е. Цвентух

Секретарь маслихата

Н. Шалдыбаев


  Приложение
к решению маслихата
от 20 марта 2015 года № 234

Количественный состав представителей
жителей села Родина города Аркалыка Костанайской
области для участия в сходе местного сообщества

Наименование населенного пункта

Количество представителей жителей села Родина города Аркалыка Костанайской области

1

Село Родина города Аркалыка Костанайской области

300

  Утвержден
решением маслихата
от 20 марта 2015 года № 233

Правила проведения раздельных сходов местного
сообщества села Родина города Аркалыка
Костанайской области

      1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года №1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и определяют порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села Родина города Аркалыка Костанайской области (далее – село Родина).

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее - раздельный сход) на территории села Родина созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

      2. Порядок проведения

      раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом села Родина (далее - аким села).

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима города Аркалыка на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах села Родина организуется акимом села.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей села Родина, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом села или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода являются аким села или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей села Родина для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным Аркалыкским городским маслихатом.

      Количество представителей жителей села Родина для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима села Родина.