"Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 125 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 5592 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 23.05.2016 № 157 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 19 "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5385 болып тіркелген, 2015 жылғы 03 сәуірдегі "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.Х. Мұсабаевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Арқалық қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі
№ 125 қаулысымен бекітілді

"Арқалық қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1.Жалпы ережелер

      1. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Арқалық қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
      3. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      11. Осы Ереже "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Арқалық қаласы әкімінің және әкімдігі қызметінің сапалы және уақытылы ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
      15. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығы мен бостандығы жөніндегі саясатты өмірге жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және қаладағы әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқаруды жүзеге асыру, бұл мақсатта жергілікті атқарушы биліктің барлық органдарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      3) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық санасы мен олардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымының деңгейін арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) қала әкімдігінің отырыстарын, қала әкімі кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды жоспарлау және дайындауды ұйымдастыру және өткізу, кеңестердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеуді және таратуды жүзеге асыру;
      2) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлімдеріндегі, ауыл және ауылдық округтің әкімдер аппараттарындағы атқарушылық тәртіп жағдайына талдау жүргізеді, қала әкіміне хабарлайды;
      3) қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, стратегиялық жоспарына, перспективалық даму бағыттарын болжау және өңдеуге талдау жасауды жүзеге асыру;
      4) қала әкіміне, әкімдікке әкімнің шешімдеріне, өкімдеріне, әкімдік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оларды жою және заңды күшінің жойылуы туралы ұсыныстар енгізеді;
      5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдарының, облыс әкімінің және әкімдігінің, сонымен қатар Арқалық қаласының әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын Арқалық қаласының атқарушы органдарының, ауылдық округтерінің және ауыл әкімдерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      6) қала әкімінің тапсырмалары бойынша құзыреті шегінде тексерулер жүргізу, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғаларды ауызша тыңдау және жазбаша түсініктеме талап ету;
      7) қала әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда облыс әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
      8) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      9) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
      10) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
      11) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
      12) қала әкімінің және әкімдіктің іс қағаздарын жүргізуді нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде құпиялыны да;
      13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, қала әкімінің және оның орынбасарларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауын өткізуді ұйымдастыру;
      14) ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін электрондық қызметтерді дамыту бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға көмек көрсету;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
      17) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
      18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынастар әкімнің, әкімдігінің "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсыну;
      2) әкімнің, әкімдіктің және "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа орталық атқарушы органдарының, облыс, қала әкімнің және әкімдіктерінің, актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның
қызметін ұйымдастыру

      18. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы жүзеге асырады, және де "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
      19. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы қала әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін атынан өкілдік ету;
      2) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;
      3) Азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      4) "Арқалық әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымы мен штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды қала әкіміне бекітуіне енгізеді, еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылар, материалдық көтерме ақылар (сыйақылар) белгілейді;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мамандары мен техникалық қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      6) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
      7) құзіреті шегінде қызметтік қаржылық құжаттамаларға қол қояды;
      8) оның құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      23. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      26. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима города Аркалыка"

Постановление акимата города Аркалыка Костанайской области от 13 апреля 2015 года № 125. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 12 мая 2015 года № 5592. Утратило силу постановлением акимата города Аркалыка Костанайской области от 23 мая 2016 года № 157

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Аркалыка Костанайской области от 23.05.2016 № 157 (вводится в действие со дня его подписания).
      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года №410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат города Аркалыка ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат акима города Аркалыка".
      2. Постановление акимата города Аркалыка от 26 января 2015 года № 19 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима города Аркалыка" (зарегистрированно в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5385, опубликовано в газете "Арқалық хабары" 03 апреля 2015 года) считать утратившим силу.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Аркалыка Мусабаева Ж.Х.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Г. Бекмухамедов

  Утверждено
постановлением акимата
города Аркалыка
от 13 апреля 2015 года № 125

Положение о государственном учреждении
"Аппарат акима города Аркалыка"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим обеспечение деятельности акима и акимата города Аркалыка.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: 110300, Республика Казахстан, Костанайская область, город Аркалык, проспект Абая, 29.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат акима города Аркалыка" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка".
      Если государственному учреждению "Аппарат акима города Аркалыка" законодательными актами предоставлено право осуществлять, приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции,
права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка": обеспечение качественного и своевременного информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического функционирования деятельности акимата и акима города Аркалыка.
      15. Задачи государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка":
      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан, прав и свобод граждан;
      2) реализация стратегии социально-экономического развития Республики Казахстан, осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в городе, обеспечение в этих целях согласованного функционирования всех органов местной исполнительной власти;
      3) осуществление мер по укреплению законности и правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно-политической жизни страны;
      4) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка":
      1) планирование и организация подготовки и проведение заседаний акимата города, совещаний у акима города, семинаров и иных мероприятий, осуществление оформления и рассылки материалов и протоколов совещаний;
      2) проведение анализа состояния исполнительской дисциплины в структурных подразделениях государственного учреждения "Аппарата акима города Аркалыка", аппаратов акимов сел и сельского округа и информирование акима города;
      3) осуществление анализа социально-экономического положения города, стратегическое планирование, прогноз и выработка перспективных направлений развития;
      4) внесение предложения акиму города, акимату об изменениях и дополнениях в решения, распоряжения акима, постановления акимата и их отмене, либо утраты юридической силы;
      5) осуществление контроля за исполнением актов и поручений Президента, Правительства и центральных государственных органов Республики Казахстан, акима и акимата области, а также акима и акимата города Аркалык местными исполнительными органами и акимами сельских округов и сел города Аркалыка;
      6) по поручению акима города проведение проверки, в пределах компетенции, при необходимости заслушивание устных и истребование письменных объяснений соответствующих должностных лиц;
      7) по поручению акима города представление и защита интересов акима и акимата города в судах, рассмотрение актов прокурорского реагирования;
      8) организация проведения оценки деятельности государственных служащих государственного учреждения "Аппарата акима города Аркалыка" и местных исполнительных органов, финансируемых из городского бюджета, обеспечивает соблюдение процедур их аттестации;
      9) обеспечение соблюдения процедур поступления, прохождения и прекращения государственной службы государственных служащих государственного учреждения "Аппарата акима города Аркалыка" и местных исполнительных органов, финансируемых из городского бюджета;
      10) организация стажировок, наставничество, повышение квалификации и переподготовку государственных служащих государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" и местных исполнительных органов, финансируемых из городского бюджета;
      11) обеспечение профессионального развития государственных служащих государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" и местных исполнительных органов, финансируемых из городского бюджета, в том числе путем организации переподготовки, повышение квалификации, стажировок;
      12) организация и ведение в соответствии с требованиями нормативных правовых актов делопроизводства акима и акимата города, в том числе секретного;
      13) обеспечение учета и рассмотрение обращений физических и юридических лиц, организация проведения личного приема физических и представителей юридических лиц акимом города и его заместителями;
      14) оказывает содействие исполнительным органам, финансируемым из местного бюджета, по развитию электронных услуг, оказываемых в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации;
      15) проведение внутреннего контроля за качеством оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      16) осуществляет регистрацию актов гражданского состояния и вносит сведения о регистрации в Государственную базу данных о физических лицах в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      17) формирование индивидуальных идентификационных номеров при выдаче свидетельств о рождении;
      18) осуществление иных функции в соответствии с действующим законодательством.
      17. Права и обязанности:
      1) представлять интересы акима, акимата города, государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" в судах, во взаимоотношениях с государственными органами, организациями по вопросам повышения эффективности управления на соответствующей территории;
      2) в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций в пределах компетенции акима, акимата и государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка";
      3) исполнять качественно и в срок акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акима и акиматов области, города;
      4) соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;
      5) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности
государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Аппарат акима города Аркалыка" осуществляется руководителем государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка", который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" назначается на должность и освобождается от должности акимом города.
      20. Полномочия руководителя государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка":
      1) представляет государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" в государственных органах и иных организациях;
      2) организует и руководит работой государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на него функций и задач, а также за непринятие мер по противодействию коррупции;
      3) осуществляет личный прием граждан и юридических лиц;
      4) разрабатывает Положение о государственном учреждении "Аппарат акима города Аркалыка", предложения по его структуре и штатной численности и вносит их акиму города на утверждение, устанавливает доплаты, материальное поощрение государственных служащих (премии) в пределах экономии фонда оплаты труда;
      5) назначает, освобождает и привлекает к дисциплинарной ответственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан специалистов и технических работников государственного учреждения "Аппарата акима города Аркалыка";
      6) издает приказы и дает указание, обязательные для исполнения работниками государственного учреждения "Аппарата акима города Аркалыка";
      7) в пределах своей компетенции подписывает финансовые документы;
      8) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан по вопросам, отнесенным к его компетенции.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      21. Государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" возглавляется руководителем аппарата акима города Аркалыка, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      23. Имущество государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима города Аркалыка", относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Аппарат акима города Аркалыка" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение
государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима города Аркалыка" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.