"Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 19 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 наурызда № 5385 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 13.04.2015 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.Х. Мұсабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ғ. Бекмұхамедов

Арқалық қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы 
№ 19 қаулысымен бекітілді

"Арқалық қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімнің және Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады (бұдан әрі - әкімдік).
      2. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
      3. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен"Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      11. Осы ереже "Арқалық қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Арқалық қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Егер "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Арқалық қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Арқалық қаласы әкімінің және әкімдігі қызметінің сапалы және уақытылы ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
      14. "Арқалық қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылымды қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығы мен бостандығы жөніндегі саясатын жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және қаладағы әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқаруды жүзеге асыру, бұл мақсатта жергілікті атқарушы биліктің барлық органдарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      3) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық санасы мен олардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымының деңгейін арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      15. "Арқалық қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) қала әкімдігінің отырыстарын, қала әкімі кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды жоспарлау және дайындауды ұйымдастыру және өткізу, кеңестердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеуді және таратуды жүзеге асыру;
      2) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлімдеріндегі, ауылдылдық округтерінің және ауыл әкімідері аппараттарындағы атқарушылық тәртіп жағдайына талдау жүргізеді, қала әкіміне хабарлайды;
      3) қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, стратегиялық жоспарына, перспективалық даму бағыттарын болжау және өңдеуге талдау жасауды жүзеге асыру;
      4) қала әкіміне, әкімдікке әкімнің шешімдеріне, өкімдеріне, әкімдік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оларды жою және заңды күшінің жойылуы туралы ұсыныстар енгізеді;
      5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, облыстық атқарушы органдарының, ауылдық округ, кент пен ауыл әкімдерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      6) қала әкімінің тапсырмалары бойынша құзыреті шегінде тексерулер жүргізу, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғаларды ауызша тыңдау және жазбаша түсініктеме талап ету;
      7) қала әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда облыс әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
      8) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік органының) және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      9) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік органының) және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
      10) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
      11) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік органының) және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
      12) қала әкімінің және әкімдіктің іс қағаздарын жүргізуді нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде құпиялыны да;
      13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, қала әкімінің және оның орынбасарларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауын өткізуді ұйымдастыру;
      14) ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін электрондық қызметтерді дамыту бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға көмек көрсету;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді
      17) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру
      18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынастар әкімнің, әкімдігінің "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерінұсыну;
      2) әкімнің, әкімдіктің және "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа орталық атқарушы органдарының, облыс, қала әкімнің және әкімдіктерінің, актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындайды;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның
қызметін ұйымдастыру

      17. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Арқалық қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы жүзеге асырады, ол "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
      18. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін атынан өкілдік ету;
      2) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;
      3) Азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      4) "Арқалық әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, оның құрылымы мен штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды қала әкіміне бекітуіне енгізеді, еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылар, материалдық көтерме ақылар (сыйақылар) белгілейді;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мамандары мен техникалық қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      6) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
      7) құзіреті шегінде қызметтік қаржылық құжаттамаларға қол қояды;
      8) оның құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Арқалық қаласы әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы жетекшілік жасайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      23. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі бергенмүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      26. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады