Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Кезектен тыс сессия төрағасы, | |
Арқалық қалалық мәслихатының | |
Хатшысы | Н. Шалдыбаев |
Мәслихатының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 243 шешімімен бекітілген |
"Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Арқалық қалалық мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы: Арқалық қалалық мәслихатының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ету.15. Міндеттері:
1)азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, нормаларын Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындауына жәрдемдесу.
16. Функциялары:
1) "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларын жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге, шарт жасасуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
2) аудан аумағында орналаскан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдардан мәслихаттың жүргізуіне қатысы мәселелер бойынша ақпараттар, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұрауға және алуға;
3) мемлекеттік, мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қалалық мәслихатының аппаратына жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысуға;
4) Арқалық қалалық мәслихатының және оның органдарының отырыстарына қатысуға;
5) қалалық мәслихат хатшысының, мәслихат аппараты басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметшілерін, жергілікті бюджеттен және коммуналдық кәсіпорындардан қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, сессияларда және тұрақты комиссияларда қарау үшін мәселелерді дайындауға, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу және зерделеуге тартуға құқығы бар;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған өзге де құқықтары мен міндеттер.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады.19. Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.
20. Арқалық қалалық мәслихаты хатшысының орынбасарлары болмайды.
21. Арқалық қалалық мәслихаты хатшысының өкілеттігі:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
11) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарауындағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылы үшін дербес жауапты болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды;
12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
22. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекеменің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қалалық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.
23. Қалалық мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, қалалық мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.