"Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 243 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 маусымда № 5659 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 16.05.2016 № 27 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Кезектен тыс сессия төрағасы,
      Арқалық қалалық мәслихатының
      Хатшысы Н. Шалдыбаев

  Мәслихатының
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 243 шешімімен бекітілген

"Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Арқалық қалалық мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: Арқалық қалалық мәслихатының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері:
      1)азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, нормаларын Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындауына жәрдемдесу.
      16. Функциялары:
      1) "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларын жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге, шарт жасасуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
      2) аудан аумағында орналаскан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдардан мәслихаттың жүргізуіне қатысы мәселелер бойынша ақпараттар, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұрауға және алуға;
      3) мемлекеттік, мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қалалық мәслихатының аппаратына жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысуға;
      4) Арқалық қалалық мәслихатының және оның органдарының отырыстарына қатысуға;
      5) қалалық мәслихат хатшысының, мәслихат аппараты басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметшілерін, жергілікті бюджеттен және коммуналдық кәсіпорындардан қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, сессияларда және тұрақты комиссияларда қарау үшін мәселелерді дайындауға, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу және зерделеуге тартуға құқығы бар;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған өзге де құқықтары мен міндеттер.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады.
      19. Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.
      20. Арқалық қалалық мәслихаты хатшысының орынбасарлары болмайды.
      21. Арқалық қалалық мәслихаты хатшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      11) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарауындағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылы үшін дербес жауапты болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды;
      12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
      Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      22. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекеменің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қалалық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.
      23. Қалалық мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, қалалық мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      27. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Аркалыкского городского маслихата"

Решение маслихата города Аркалыка Костанайской области от 5 мая 2015 года № 243. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 12 июня 2015 года № 5659. Утратило силу решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 16 мая 2016 года № 27

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 16.05.2016 № 27 (вводится в действие со дня принятия).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", Аркалыкский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Аркалыкского городского маслихата".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель внеочередной сессии,
      секретарь Аркалыкского городского
      маслихата Н. Шалдыбаев

  Утверждено
решением маслихата
от 5 мая 2015 года № 243

Положение государственного учреждения
"Аппарат Аркалыкского городского маслихата"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение Аркалыкского городского маслихата, оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.
      2. Государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      7. Государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря городского маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      9. Местонахождение государственного учреждения "Аппарат Аркалыкского городского маслихата": Республика Казахстан, индекс 110300, Костанайская область, город Аркалык, проспект Абая,29.
      10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат Аркалыкского городского маслихата".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.
      Если государственному учреждению "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции,
права и обязанности государственного органа

      14. Миссия: обеспечение деятельности Аркалыкского городского маслихата и депутатов.
      15. Задачи:
      1) содействие исполнению гражданами и организациями норм Конституции Республики Казахстан, законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов.
      16. Функции:
      1) государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" обеспечивает информационно-аналитическую, организационно-правовую и материально-техническую поддержку деятельности маслихата и его органов, оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий;
      2) осуществляет иные функции, определенные законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) вступать в гражданско-правовые отношения с юридическими и физическими лицами, заключать договора и осуществлять иную деятельность, не противоречащую действующему законодательству;
      2) запрашивать и получать от руководителей и иных должностных лиц организаций, расположенных на территории города информации, устные и письменные объяснения по вопросам, относящимся к ведению маслихата;
      3) вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению аппарата городского маслихата;
      4) участвовать в заседаниях Аркалыкского городского маслихата и его органов;
      5) по поручению секретаря городского маслихата, руководителя аппарата маслихата привлекать служащих государственных органов, работников иных государственных учреждений, финансируемых из местного бюджета и коммунальных предприятий к подготовке вопросов для рассмотрения на сессиях и постоянных комиссиях, а также к изучению и решению проблемных вопросов, относящихся к компетенции государственного учреждения;
      6) иные права и обязанности предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности
государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" осуществляется первым руководителем – секретарем Аркалыкского городского маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственный орган задач и осуществление им своих функций.
      19. Секретарь Аркалыкского городского маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.
      20. Секретарь Аркалыкского городского маслихата не имеет заместителей.
      21. Полномочия секретаря Аркалыкского городского маслихата:
      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;
      2) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;
      3) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;
      4) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;
      5) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;
      6) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;
      7) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;
      8) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;
      9) представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;
      10) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;
      11) принимает меры, направленные на противодействие коррупции, и несет персональную ответственность по противодействию коррупционным правонарушениям подотчетных лиц в соответствии с Законом Республики Казахстан "О борьбе с коррупцией";
      12) выполняет по решению маслихата иные функции.
      При отсутствии секретаря Аркалыкского городского маслихата по решению председателя сессии маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.
      22. Аппарат государственного учреждения "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" возглавляется руководителем аппарата городского маслихата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      23. С истечением срока полномочий городского маслихата, в случаях досрочного прекращения полномочий городского маслихата и выборов нового состава его депутатов, деятельность государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" не прекращается.

4. Имущество государственного органа

      24. Государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      25. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат Аркалыкского городского маслихата", относится к коммунальной собственности.
      26. Государственное учреждение "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение
государственного органа

      27. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат Аркалыкского городского маслихата" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.