"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Лисаков қаласының әкімшілік аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары белгіленсін:
1) Лисаков қаласының Мир көшесінде орналасқан алаң;
2) Октябрь кентінің Горький көшесінде орналасқан "Россия" мәдениет үйіне іргелес аумақ.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХ сессияның төрағасы | А. Демисенов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Г. Жарылқасымова |