Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 296 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 мамырда № 5622 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 20.05.2016 № 27 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Лисаков қаласының әкімшілік аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары белгіленсін:
      1) Лисаков қаласының Мир көшесінде орналасқан алаң;
      2) Октябрь кентінің Горький көшесінде орналасқан "Россия" мәдениет үйіне іргелес аумақ.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      ХХ сессияның төрағасы А. Демисенов
      Қалалық мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады