Алтынсарин ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 42 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 сәуірде № 5501 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 234 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 15.12.2015 № 234 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алтынсарин ауданында жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды бар бос жұмыс орындарына жолдауды квотаға сәйкес қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы орындалуы үшін, бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.К. Баймағамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Алтынсарин ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы

С. Қазыбаев

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Алтынсаринском районе

Постановление акимата Алтынсаринского района Костанайской области от 27 февраля 2015 года № 42. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 7 апреля 2015 года № 5501. Утратило силу постановлением акимата Алтынсаринского района Костанайской области от 15 декабря 2015 года № 234

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Алтынсаринского района Костанайской области от 15.12.2015 № 234 (вводится со дня подписания).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2014 года "Об утверждении правил оказания социально-правовой помощи лицам, состоящим на учҰте службы пробации" акимат Алтынсаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить в Алтынсаринском районе квоту рабочих мест для:
      1) лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере одного процента от общей численности рабочих мест;
      2) несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Алтынсаринского района" обеспечить направление лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций для трудоустройства на имеющиеся вакантные рабочие места в соответствии с квотой.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Баймагамбетова Е.К.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Исполняющий
      обязанности акима
      Алтынсаринского района

С. Казыбаев