"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға 3 шілдеден 10 шілдеге дейін субсидиялар алуға өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Карбозовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Ж. Таукенов
Әкімдіктің
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 124 қаулысына қосымша
2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Басым ауыл шаруашылығы |
Себу мерзімдері |
1 |
Жаздық бидай |
2015 жылғы 15 мамырдан 12 маусымға дейін |
2 |
Арпа |
2015 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін |
3 |
Сұлы |
2015 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін |
4 |
Тары |
2015 жылғы 20 мамырдан 15 маусымға дейін |
5 |
Күнбағыс |
2015 жылғы 10 мамырдан 05 маусымға дейін |
6 |
Рапс |
2015 жылғы 20 мамырдан 08 маусымға дейін |
7 |
Зығыр |
2015 жылғы 12 мамырдан 05 маусымға дейін |
8 |
Мақсары |
2015 жылғы 10 мамырдан 02 маусымға дейін |
9 |
Қыша |
2015 жылғы 22 мамырдан 08 маусымға дейін |
10 |
Картоп |
2015 жылғы 05 мамырдан 10 маусымға дейін |
11 |
Бақша дақылдары |
2015 жылғы 25 сәуірден 10 маусымға дейін |
12 |
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер |
бірінші мерзім - 2015 жылғы 01 мамырдан 10 маусымға дейін, |