Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округі әкімінің 22.06.2015 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Амангелді ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 22 мамырдағы №05-031 ұсынысы негізінде Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округінің аумағында әртүрлі түліктерге ортақ ауру пастереллездің пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі
Ғ. Жақыбаев