Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Амангелді ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 01-037 ұсынысы негізінде Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округінің аумағында жұқпалы ауруларының ошақтарында ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізілуіне байланысты, шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5628 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ғ. Жақыбаев
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
Комитеті Қостанай облысы Амангелді
аудандық инспекция" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Р. Каканов