Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Әулиекөл ауылының тиісті аумағының тұрғындарының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Әулиекөл ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әулиекөл ауылындағы көшелер: Пролетарская- Ерік Асанбаев атына, Ленин - Шақшақ Жәнібек батырдың атына, Октябрьская - Саржетім Қарабалуан батырдың атына, Автомобилистов - Астана атауына, Юбилейная - Бәйтерек атауына, Жемелей - Байқұлақ батырдың атына, Северная - Мұқаш Тойқожаұлының атына өзгертілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Қусайнов