Әулиекөл ауылындағы көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы әкімінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 шілдеде № 5719 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Әулиекөл ауылының тиісті аумағының тұрғындарының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Әулиекөл ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әулиекөл ауылындағы көшелер: Пролетарская- Ерік Асанбаев атына, Ленин - Шақшақ Жәнібек батырдың атына, Октябрьская - Саржетім Қарабалуан батырдың атына, Автомобилистов - Астана атауына, Юбилейная - Бәйтерек атауына, Жемелей - Байқұлақ батырдың атына, Северная - Мұқаш Тойқожаұлының атына өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 Д. Қусайнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады