Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 176 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Мәслихаттың 2009 жылғы 23 қарашадағы № 167 "Денисов ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-139 тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтарындағы "Наше время" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
В. Бездольный |
Денисов аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Мұрзабаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Денисов ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________________________ Ә. Ж. Әкіжан
Мәслихаттың 2015 жылғы 19 қазандағы № 96 шешіміне қосымша |
Денисов ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№ р/с | Салық салу объектісінің атауы | Айына бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |