"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімi | А. Кенжегарин |
Әкімдіктің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 140 қаулысымен бекітілген |
"Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Тәуіш ауылы.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, құқықтары және міндеттері
14. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауылдық округі әкімінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету болып табылады.15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
2) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
3) "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізу;
4) ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
5) әкімнің актілерін тиісті дәрежеде рәсімдеуді және таратуды қамтамасыз етеді;
6) қызметтік құжаттарды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын өткізуін ұйымдастырады;
7) мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
8) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
9) мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету.
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде Жаркөл ауылдық округі әкімінің құзырына енетін мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалар мен басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға;
2) Президентің, Үкіметің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі және әкімдігінің, аудан әкімі және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.19. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкілеттігі:
1) "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
2) "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі жұмысын ұйымдастырады және басқарады, әкім аппаратына жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;
3) "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін әзірлейді;
4) "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
6) "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;
7) ауылдық округі әкімімен қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9) "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жолдайды:
10) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
11) нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалар және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін жұмыс топтарын құрады;
12) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
13) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жұмыс тәртібі "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімінің өкімімен бекітілген, "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
"Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.