Жангелдин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 50 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Кенжегарин

  Әкімдіктің
2016 жылғы 6 мамырдағы
№ 50 қаулысына қосымша

Жангелдин ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының Тізбесі

      1) Әкімдіктің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 66 "Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 наурыздағы № 5446 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпанда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған);
      2) Әкімдіктің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 95 "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысы (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 маусымдағы № 5706 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған );
      3) Әкімдіктің 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 140 "Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысы (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 қазандағы № 5928 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қазанда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған);
      4) Әкімдіктің 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 141 "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысы (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 қазандағы № 5934 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қазанда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған);
      5) Әкімдіктің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 175 "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы қаулысы" (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 6116 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған);
      6) Әкімдіктің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 95 "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы қаулысы" (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 6152 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпанда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған ).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады