"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгі ережесін бекiту туралы" Жарлығына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі әділет органдарында мемлекеттiк тіркелуді заңнамамен белгіленген мерзімде жүргізсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | А. Кенжегарин |
Әкімдіктің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 181 қаулысымен бекітілген |
"Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік
мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ереже сәйкес жүзеге асырылады.
4. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 4үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
11. Осы Ереже "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттері орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері.
14. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жеке кәсіпкерлікті, агроөнеркәсiптiк кешенді дамытуға және қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру.15. Міндеттері:
1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16.Функциялары:
1) кәсiпкерлiктi мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
4) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
5) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
7) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) тиісті мемлекеттік органдар, ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге орталық атқарушы органдарының, облыс, аудан әкімі және әкімдігінің, актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органдарының
қызметін ұйымдастыру
18. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жангелдин ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда меншік нысанына қарамастан "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
2) "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шаралар қабылданғаны үшін дербес жауапты болады;
4) "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;
5) бұйрықтар шығарады;
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен "Жангельдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
8) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.