Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Бисимбаев |
Әкімдіктің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 91 қаулысымен бекітілген |
"Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі
туралы ереже
1. Жалпы ереже
1. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спортты қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
Қамысты ауданы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Қамысты аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Северная көшесі, 19 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi
14. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асырады.15. Мiндеттерi:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асыру;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) спорттық материалдық-техникалық базаны нығайту және қалпына келтіру, инфрақұрылымды дамыту.
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорт жарыстарын өткiзедi;
3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарда өнер қөрсетуін қамтамасыз етеді;
4) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
9) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
10) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
12) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
13) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
14) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
15) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
16) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
17) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ведомстволардың функциялары:
1) спорттық нәтижелерге қолжетімді болу спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасында, облыста, ауылда, өз мектебінде және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізу және оқушылардың белсенді қатысу;
3) жасөспірімдер және балалар арасында отансүйгіштікті тәрбиелеу және салауатты өмір салтына қызығушылығын оятуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмысын өткізу.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, сондай-ақ оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау.
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның
қызметiн ұйымдастыру
18. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қамысты ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
2) "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралар қабылданады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі шараларды қабылданбағаны үшін дербес жауап береді;
3) "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;
4) бұйрықтар шығарады;
5) қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамамен белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және босатады, тәртіптік жаза қолданады және ыңталандыру шараларын қабылдайды;
7) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
8) "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
"Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.