Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 29.08.2023 № 74 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 23.02.2022 № 98 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Орқашбаев |
Қамысты аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Рахимжанов |
Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 404 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 23.02.2022 № 98 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбеауылының (бұдан әрі – Бестөбе ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Бестөбе ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Бестөбе ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Бестөбе ауылының әкімі шақырады.
Қамысты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шакырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Бестөбе ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Бестөбе ауылының әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Бестөбе ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Бестөбе ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Бестөбе ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бестөбе ауылының тұрғындары өкілдерінің кандитаруларын Қамысты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бестөбе ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Бестөбе ауылы әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 404 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
1. | Бестөбе ауылы | 17 |