Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 09.07.2024 № 136 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97- бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1- тармақтың 1- тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс | |
сессия төрағасы | Г. Ягодин |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | Е. Аманжолов |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | |
___________________Д. Шрейдер |