Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 326 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 5419 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97- бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      1- тармақтың 1- тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессия төрағасы                            Г. Ягодин

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Е. Аманжолов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________Д. Шрейдер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады