"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімідігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қарабалық ауданы әкімідігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әділет органдарында қайта тіркелу қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Исмағұлов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 235 қаулысымен бекітілген |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында мемлекеттік басқару ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
3. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 16.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның құқығы мен міндеттері, функциялары, негізгі мақсаттары, миссиясы
14. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жер қатынастары саясында басқарушылық функцияларды жүзеге асыру.15. Міндеттері:
1) жер ресурстарын басқару, жер ресурстарын реттеу саласында біріңғай мемлекеттік саясатын жүргізу;
2) жер туралы заңнамалардың, ауданның өкілетті және атқарушы органдар шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
3) жер реформасын өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату;
5) мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
6) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының бағасы мен мониторингі.
16. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) аудандардың, жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
11)аудандардың жер балансын жасау;
12) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
13) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
14) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
17. Құқықтар мен міндеттері:
1) өз қызметін басқа атқарушы органдармен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асыру;
2) өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік мекемелерден, ауылшаруашылық қалыптасулардың және кәсіпкерлік субъектілерінен мұқтаж арқылы заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша қажет ақпараттарды алу;
3) Азаматтар мен заңды тұлғалармен келісім шартқа отыруға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға, сотта шағымданушы және жауапкер болу;
4) Мемлекеттік мекеме құзыретінің сұрақтары бойынша аудан әкімдігімен және әкіммен қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
5) мемлекеттік қызметтің стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызмет көрсетудің реті туралы мемлекеттік қызметті тұтынушылардың ақпараттануын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы өкілетті органға, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау бойынша өкілетті органдарға тиісті ақпараттарды ұсынуға;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндеттер мен басқа құқықтарды іске асыруға.
3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
18. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалады және орнынан босатылады.
20. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) бөлім жұмысшыларының міндеттерін анықтайды;
2) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларын лауазымға тағайындайды және орнынан босатады;
3) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес бөлім жұмысшыларын тәртіптік жазаға таратады, материалдық көмек көрсету, ынталандыру сұрақтарын шешеді;
4) сенімхатсыз "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қатынастарда "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін таныстыру;
6) штаттық кестесін және құрылымын, міндеттер мен төлемдер бойынша "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарын бекітеді, бұйрықтар шығарады және орындауға міндетті тапсырмалар береді;
7) Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы мекемеде жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысқа жеке жауап береді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктерді іске асырады.
"Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік мекеме мүлігі
21. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесініңнің мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкiмдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.