Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 04.05.2016 № 99 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 410 Жарлығына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
А. Исмағұлов |
Әкімдіктің |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті атқару, бюджеттік есепті және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі есептілікті жүргізу, сонымен қатар аудандық коммуналдық меншікті басқару міндеттер саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарабалық ауданы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – жергілікті деңгейде құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
15. Мiндеттерi:
1) елді мекендер мен аумақтың инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыруды қамтамасыз ету, аудан аумағында құрылыс саласын реттеу;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің, аудан және облыс әкімінің актілерін, Заңдарын, мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша есеп беруді әзірлеу және бақылауды іске асыру;
3) Күрделі жөндеу жұмыстарын және құрылысты дамытудың басым бағдарламаларын жүзеге асыруға ат салысу және түзету, сараптама жүргізу;
4) Объектілер мен кешендердің құрылысы және жобалық-ізденіс жұмыстарын орындауда сәулет және қала құрылысы талаптарын, техникалық жағдайларын анықтау;
5) Объектілердің абаттануы және күрделі жөндеу, қайтажоспарлау, үлгілендіру, жаңғырту, қайтақұру, құрылыстың аяқталғаннан кейінгі пайдалануға енгізілетіндерін тіркеу және қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру.
6) Жөндеу және құрылыс–монтаждау жұмыстарына тендерлерді өткізуге қатысу.
16. Функциялары:
1) құрылыс салу ережесін, қала құрылысы тәртіпті сақтау, бекітілген қала құрылысы құжаттамаларға сәйкес құрылыс жобаларын іске асырылуын қадағалауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта құрумен немесе құрылыспен аяқталған объектілерді қолданысқа қабылдауда қатысу;
3) ауданның коммуналдық меншік объектілеріне арналған жобалық–сметалық құжаттамалардың дайындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) коммуналдық меншік объектілеріндегі орындалудағы құрылыстық-монтаждық жұмыстарға бақылауды жүзеге асыру;
5) аудандық маңызы бар тұрғын-үй қорының, коммуникациялардың, тарихи ескерткіштердің және мәдениеттің сақталуын, олардың ұсталуына (қолдануға, пайдалануға) бақылау ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен белгіленген өкілдіктерінің шегінде құрылыс қызмет саласындағы басқа да мәселелердің шешілуі.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарын жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Қарабалық ауданы әкiмдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымдық орнынан босатады;
3) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін белгілейді;
4) оның құзыретіне кіретін басқа сұрақтар бойынша шешімдер қабылдайды;
5) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес "Қарабалық ауданы әкiмдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және босатады;
6) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйырықтарды шығарады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктерді іске асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.