«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 1 маусымнан бастап 15 маусымға дейін субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі А. Шәмшиев
Әкімдіктің
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 175 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
Себу мерзімдері |
1 |
Жаздық жұмсақ бидай |
15 мамырдан бастап |
2 |
Жаздық қатты бидай, қытайбұршақ |
18 мамырдан бастап |
3 |
Арпа, сұлы |
15 мамырдан бастап |
4 |
Дәмді-бұршақты дақылдар |
15 мамырдан бастап |
5 |
Қарақұмық, тары |
20 мамырдан бастап |
6 |
Күнбағыс |
10 мамырдан бастап |
7 |
Зығыр |
12 мамырдан бастап |
8 |
Рапс |
20 мамырдан бастап |
9 |
Жаздық арыш |
18 мамырдан бастап |
10 |
Мақсары |
10 мамырдан бастап |
11 |
Қыша |
22 мамырдан бастап |
12 |
Жемшөптік дақылдар (біржылдық шөптер, көпжылдық шөптер) |
бірінші мерзім 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім 5 шілдеден бастап 30 тамызға дейін |
13 |
Бірінші, екінші және үшінші жылы өсіп жатқан көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер |
бірінші мерзім 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім 5 шілдеден бастап 30 тамызға дейін |
14 |
Шабындық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер |
бірінші мерзім 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім 5 шілдеден бастап 30 тамызға дейін |
15 |
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс |
15 мамырдан бастап |
16 |
Картоп |
5 мамырдан бастап |
17 |
Көкөністер |
25 сәуірден бастап |