2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 175 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 5800 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылғы 1 маусымнан бастап 15 маусымға дейін субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Шәмшиев

Әкімдіктің       
2015 жылғы 9 шілдедегі 
№ 175 қаулысына қосымша 

2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жаздық жұмсақ бидай

15 мамырдан бастап
12 маусымға дейін

2

Жаздық қатты бидай, қытайбұршақ

18 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

3

Арпа, сұлы

15 мамырдан бастап
15 маусымға дейін

4

Дәмді-бұршақты дақылдар

15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

5

Қарақұмық, тары

20 мамырдан бастап
15 маусымға дейін

6

Күнбағыс

10 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

7

Зығыр

12 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

8

Рапс

20 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

9

Жаздық арыш

18 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

10

Мақсары

10 мамырдан бастап
2 маусымға дейін

11

Қыша

22 мамырдан бастап
8 маусымға дейін

12

Жемшөптік дақылдар (біржылдық шөптер, көпжылдық шөптер)

бірінші мерзім 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім 5 шілдеден бастап 30 тамызға дейін

13

Бірінші, екінші және үшінші жылы өсіп жатқан көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер

бірінші мерзім 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім 5 шілдеден бастап 30 тамызға дейін

14

Шабындық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер

бірінші мерзім 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім 5 шілдеден бастап 30 тамызға дейін

15

Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

16

Картоп

5 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

17

Көкөністер

25 сәуірден бастап
15 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады