"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына , "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Шәмшиев |
Әкiмдіктің 2015 жылғы 22 қазандағы № 248 қаулысымен бекітілген |
"Восток ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111004, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Восток ауылы, Коминтерн көшесі, 15.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесінің миссиясы: ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық - құқықтық және материалдық-техникалық жағынан жүзеге асырады.15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауылдық округі әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдармен қамтамасыз ету;
2) Президенттің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру;
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;
4) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
5) "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аткару тәртібінің жағдайына талдау жүргізу;
6) "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды құқықтық жалпы оқытуды және басқа да іс-шараларды өткізу;
7) ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
8) қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімнің, әкім аппаратының, қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
9) азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке қабылдауын ұйымдастыру;
10) азаматтардың және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарау;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде нотариалдық іс–әрекеттерді жүзеге асыру;
12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылатуын қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
2) мемлекеттік қызметті уақытылы және сапалы көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құкықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік
органның қызметін ұйымдастыру
18. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;
2) "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
3) "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларын тағайындайды, лауазымнан босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
4) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
5) құзыреті шегінде "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражаттарына билік етеді;
6) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бірінші басшы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Восток ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.