Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескеріп Сарыкөл кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Сарыкөл кентінде қайта атауға:
Ленина көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
50 лет Октября көшесі Тәтіқара жырау атындағы көшеге;
Юбилейная көшесі Айтбай батыр атындағы көшеге;
Куйбышев көшесі Астана көшесіне.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Каппасов