Сарыкөл кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 тамызда № 5792 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескеріп Сарыкөл кентінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Сарыкөл кентінде қайта атауға:
      Ленина көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      50 лет Октября көшесі Тәтіқара жырау атындағы көшеге;
      Юбилейная көшесі Айтбай батыр атындағы көшеге;
      Куйбышев көшесі Астана көшесіне.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 С. Каппасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады