Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынсатарға таратылады.
Кезекті сессиясының төрайымы | Т. Гуляева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | В. Вербовой |
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бюджет
бөлімі секторының меңгерушісі
_________________ Г. Бобрешова
Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 270 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 128 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-88 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған).2. Мәслихаттың 2009 жылғы 23 қыркүйектегі № 209 "Мәслихаттың 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 128 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-115 тіркелген, 2009 жылғы 12 қарашада "Нұрлы жол" газетінде жарияланған).
3. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 145 "Мәслихаттың 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 128 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4285 тіркелген, 2013 жылғы 21 қарашада "Нұрлы жол" газетінде жарияланған).
4. Мәслихаттың 2014 жылғы 13 наурыздағы № 181 "Мәслихаттың 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 128 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4572 тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).